Жалпы білім беретін Харьков орта мектебі

Выберите школу
Қазақша
Қазақша Орысша

Х(ХХХХХ) ХХХХХ

Басты РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ «Музей – өткен мен болашақтың алтын көпірі»
«Музей – өткен мен болашақтың алтын көпірі»

«Музей – өткен мен болашақтың алтын көпірі»

«Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі» - дейді Н.Назарбаев. Елбасының айтқанындай жарқын болашаққа ұмтылған адам, өткенінде бағалауы, тарихын тасқа таңба басқандай білуі қажет. Осы ұстанымды негізге ала отыра біздің мектепте 26 Қаңтар күні «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға арналған жоспар негізінде «Ұлы даланың өнер мен технологиялар музейі» арнайы жобасы аясында «Музей – өткен мен бүгіннің алтын көпір» атты облыстық Бұхар Жырау атындағы әдебиет пен өнер музейімен онлайн экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында өлкеміздің тарихымен және өңірімізден шыққан қаламгерлер, ақын-жазушылардың шығармашылығымен, өмірі туралы сыр шертетін құнды жәдігерлермен таныстық. Бұхар Жырау атындағы әдебиет пен өнер музейінің ішіндегі эскпонаттармен музейдің экурсководы – Маржан Өтегенқызы таныстырды.

Қашықтықтан «Zoom» платформасы арқылы ұйымдастырылған осы іс-шарада мектебіміздің оқушылары мен ұстаздары, мектеп директоры, ауылдық кітапханашы, мектеп кітапханашысы қатысып жақсы көңіл-күймен осы іс-шараны тамашалады. Онлайн экскусия ұйымдастыру туралы ойымызды бірден қолдап, соңына дейін көмек қолын созған «Бұхар Жырау атындағы әдебиет пен өнер» музейінің ұжымына, музей директоры – Жеңіс Нұртасұлына және осы эскурсияны ұсынған экскурсовод – Маржан Өтегенқызына мектеп әкімшілігі атынан алғыс білдіреміз.

                                                                   Өміртай Жанаргүл

                                          Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

IMG-20210127-WA0000

IMG-20210127-WA0001

IMG-20210127-WA0002

IMG-20210127-WA0003

Сондай-ақ оқыңыз

Выберите школу
x